Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10 бабына сәйкес, 2 учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелерін сайлау туралы Шалқар аудандық мәслихаты хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы учаскедегі сайлаушылардың санына байланысты аудандық сайлау комиссиясымен белгіленген. Учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орны туралы. (кесте қоса жалғанды)
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды .