Шалқар аудандық мәслихаты

05.02.2020 - Баспа-релизі

Аудандық мәслихаттың «Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 63 «Шалқар аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы шешім жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихатының шешім жобасы әзірленді. 



«Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 63 «Шалқар аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» аудандық мәслихаттың шешім жобасы www.shalkar.raimaslihat.kz сайтында 05.02.2020 жылы, e-gov. ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 04.02.2020 жылы орналастырылды.


Опубликовано на сайте: http://shalkar.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://shalkar.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=253