Шалқар аудандық мәслихаты

17.09.2020 - Баспа-релизі

«Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешім жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16299 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихатының шешім жобасы әзірленді. 



«Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешім жобасы www.shalkar.raimaslihat.kz сайтында 17.09.2020 жылы, e-gov.ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 17.09.2020 жылы орналастырылды.


Опубликовано на сайте: http://shalkar.raimaslihat.kz
Прямая ссылка: http://shalkar.raimaslihat.kz/index.php?name=news&op=view&id=319