Шалқар ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне конкурс өткізу туралы хабарлама - Жаңалықтар - Новости - Шалқар аудандық мәслихаты

     
   Шалқар аудандық мәслихаты  
     

Сайттың мәзірі


 

Новости

Поиск

[ Главная | Лучшие | Популярные | Список ]

Шалқар ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне конкурс өткізу туралы хабарлама

Шалқар аудандық мәслихаты хатшысының 2019 жылғы 11 ақпандағы №6 өкімімен бекітілген, Шалқар ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы, Шалқар ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтардың арасында кеңес құрамынан шығып кеткен мүшесінің орнына конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Атауы: Шалқар ауданының Қоғамдық кеңесі;
Пошталық мекен-жайы: 031200, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Әйтеке би 47 А, 204 бөлме, 205 бөлме. Электронды пошта: maslixat-shalkar@mail.ru
Анықтамалар үшін телефондар: 21-2-99 және 21-3-39.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2019 жылғы «11» сәуір - «21» сәуір аралығында.



Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Шалқар ауданының шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы; 2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға; 3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс. Жоғарыда белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші; 2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Шалқар қаласы, Әйтеке би 47 А, 204 бөлме, сағат 09.00-ден 18.30 дейін, үзіліс 12.30-тен 14.00 дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде, жазбаша және электронды түрде.
Конкурстық іріктеу өткізу үшін кандидатураларды ұсыну барысында, Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат, оның «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге өзінің келісімін береді.

Суретке арналған орын
САУАЛНАМА
1. Тегі ____________________________________________________
Аты ____________________________________________________

Әкесінің аты_________________________________________________

2. Күні, айы, туған жылы _________________________________________
3. Туған жері ___________________________________________________
4. Азаматтығы __________________________________________________
5. Мекен-жайы __________________________________________________

6. Білімі __________________________________________________
7. Жұмыс орны, қызметі __________________________________________
8. Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін _____________________________
9. Сотпен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылдыңыз ба?_________
10. Психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрасыз ба? ____________

11. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі болып танылдыңыз ба? _____________
12. Байланыс телефондары: _______________________________________
(қызметтік, үй, ұялы)
2019 жылғы «___» __________ ____________ ___________
(қолы)(Т.А.Ә)

ҚР Президенті




Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2019 жылғы 2 қыркүйек


Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. 2 сентября 2019г.

 

Сайттың іздеуі


Поиск

 

Келушілер


Дүйсенбі163
Сейсенбі65
СӘрсенбі62
Бейсенбі57
Жұма109
Сенбі68
Жексенбі150
Қазір online:1
Барлығы445113
Рекорд:4029

 



 

Powered by Open SLAED © 2005-2019 SLAED. All rights reserved.