Шалқар ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне конкурс өткізу туралы хабарлама - Вакансиялар - Новости - Шалқар аудандық мәслихаты

     
   Шалқар аудандық мәслихаты  
     

Сайттың мәзірі


 

Новости

Поиск

[ Главная | Лучшие | Популярные | Список ]

Шалқар ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне конкурс өткізу туралы хабарлама

Шалқар аудандық мәслихаты хатшысының 2016 жылғы 25  ақпандағы №14 өкімімен бекітілген, Шалқар ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы, Шалқар ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Атауы: Шалқар  ауданы  Қоғамдық кеңесі;
Пошталық мекен-жайы: 031200, Шалқар ауданы, Әйтеке би 47 А, 205 бөлме,
Электронды пошта: maslixat-shalkar@mail.ru
Анықтамалар үшін телефондар: 21-2-99
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2016 жылғы 25 ақпаннан -  5 наурызға аралығынд



Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Шалқар ауданы шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Жоғарыда белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады:  Шалқар қаласы, Әйтеке би, 47 А, 205 сағат 09.00-ден 18.00 дейін, үзіліс 13.00-тен 14.00 дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде, жазбаша және электронды түрде.
Конкурстық іріктеу өткізу үшін кандидатураларды ұсыну барысында, Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат, оның «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге өзінің келісімін береді.
Суретке арналған
орын

САУАЛНАМА

1.    Тегі __________________________________________________
2.    Күні, айы, туғанжылы ________________________________________
3.    Туғанжері __________________________________________________
4.    Азаматтығы __________________________________________________
5.    Мекен-жайы  ________________________________________________
    
Аты _______________________________________________
Әкесініңаты_____________________________________
_______________________________________________
1.    Білімі _______________________________________________
2.    Жұмысорны, қызметі __________________________________________
3.    Сотталдыңызба, қашанжәненеүшін ____________________________
4.    Сотпен сыбайлас жемқорлыққылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлыққұқықбұзушылық жасауда кінәлідептанылдыңызба?_________
5.     Психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрасыз ба? ____________
6.     Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі болып танылдыңыз ба? _____________
1.      Байланыс телефондары: _______________________________________
________________________________________________
                                                                                                       (қызметтік,  үй, ұялы)
2016 жылғы   «___» __________          ____________                ________________                                                                            (қолы)                            (Т.А.Ә.)
 

ҚР Президенті




Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар


Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана. 10 января 2018г.

 

Сайттың іздеуі


Поиск

 

Келушілер


Дүйсенбі35
Сейсенбі84
СӘрсенбі93
Бейсенбі77
Жұма78
Сенбі72
Жексенбі66
Қазір online:3
Барлығы441502
Рекорд:4029

 



 

Powered by Open SLAED © 2005-2019 SLAED. All rights reserved.