«Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру - Вакансиялар - Новости - Шалқар аудандық мәслихаты

     
   Шалқар аудандық мәслихаты  
     

Сайттың мәзірі


 

Новости

Поиск

[ Главная | Лучшие | Популярные | Список ]

«Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Шалқар  аудандық  мәслихатының  аппараты» ММ,  031200,  Шалқар қаласы,  Әйтеке  би  көшесі  47 А,  анықтама  үшін   телефоны: 8(71335) 21425, 8(71335) 21339 факс: 8(71335)21299, e-mail: maslixat-shalkar@mail.ru, «Шалқар аудандық  мәслихатының  аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
«Шалқар аудандық  мәслихатының аппараты» ММ бөлім басшысы,  Е-3 ( № 1-2)  санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 102437  теңгеден  138248  теңгеге   дейін.



Функционалдық міндеттері: Аудандық мәслихат аппаратының құжаттарымен жұмыс жасайды. Іс жүргізудің  жалпы кестесін қамтамасыз етеді. Мәслихат сессиясын дайындау, хаттамалар толтыруды қамтамасыз ету, тұрақты комиссия отырысын өткізу, мәслихат депутаттарының депутаттық сауалдарының  орындалуына  бақылау  жасау, сайлаушылардың ұсыныстары туралы мәслихатқа мәлімет беріп, қабылданған шараларға бақылау жасау. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге жататын нормативтік- құқықтық актілерді дайындау және олардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асыру, нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу. Аудандық мәслихат  аппаратының  істер номенклатурасын  аудандық  мұрағатпен келісіп, дайындау. Кадр  қызметіне  басшылық  жасайды. Қызметтік  міндеттері шегінде  басшылықтың  өзге  де  тапсырмаларын  орындау.
Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары гуманитарлық,  заңгерлік,  экономикалық.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
       1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым  жылдан  кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе  B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік  лауазымдарында  мемлекеттік  қызмет  өтілі  бір  жылдан  кем  емес;
2)  осы санаттағы нақты лауазымның  функционалдық  бағыттарына сәйкес  салаларда  жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде  мемлекеттік органның штат  кестесінде  көзделген  келесі төмендегі  санаттағы  лауазымдарда  немесе  В-5, С-5, С-О-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда  немесе «А» корпусының  мемлекеттік әкімшілік  лауазымдарында  мемлекеттік қызмет  өтілі  бір жылдан  кем емес;
3)  мемлекеттік  қызмет  өтілі  екі  жарым  жылдан  кем емес, оның ішінде орталық,  облыстық  немесе  қалалық  деңгейдегі  құқық  қорғау органдардың  кіші  басшы  құрамынан  немесе  арнайы  мемлекеттік  органдардың сержанттар
құрамынан  төмен  емес  лауазымдарда екі жылдан кем емес ;
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Қазақстан  Республикасының  заңдарын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты  стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі қажет.
  Өз санаты лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті  білімдерді  білуі  қажет.
Ішкі  конкурсқа  қатысу  үшін  қажетті  құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу  Қағидаларының  2  қосымшасына  сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша  ақпараттарды  бере  алады.
Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап  3  жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде             «Шалқар  аудандық  мәслихатының  аппараты» ММ  өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның  қызметкерлері  қатыса  алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың  техникалық  жазба  құралдарын  қолдануға  жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың  түпнұсқасын  немесе  көшірмелерін  ұсынады. 
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
        Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен  кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға  негіз болып табылады.

ҚР Президенті




Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2019 жылғы 2 қыркүйек


Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. 2 сентября 2019г.

 

Сайттың іздеуі


Поиск

 

Келушілер


Дүйсенбі37
Сейсенбі36
СӘрсенбі38
Бейсенбі41
Жұма24
Сенбі68
Жексенбі55
Қазір online:1
Барлығы460981
Рекорд:4029

 



 

Powered by Open SLAED © 2005-2020 SLAED. All rights reserved.