«Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру - Вакансиялар - Новости - Шалқар аудандық мәслихаты

     
   Шалқар аудандық мәслихаты  
     

Сайттың мәзірі


 

Новости

Поиск

[ Главная | Лучшие | Популярные | Список ]

«Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Шалқар  аудандық  мәслихатының  аппараты» ММ,  031200,  Шалқар қаласы,  Әйтеке  би  көшесі  47 А,  анықтама  үшін   телефоны: 8(71335) 21425, 8(71335) 21339 факс: 8(71335)21299, e-mail: maslixat-shalkar@mail.ru, «Шалқар аудандық  мәслихатының  аппараты» ММ       «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік  лауазымына  орналасуға  жалпы  конкурс  жариялайды:
       «Шалқар  аудандық  мәслихатының  аппараты» ММ  бас  маман,   Е-4 (№ 1-3)  санаты, 1 бірлік.
      Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 77452  теңгеден  104935  теңгеге   дейін.



Функционалдық міндеттері: Мәслихат шешімдеріне талдау жасауды  ұйымдастыру, жазылған құжаттардың грамматикалық дұрыс  жазылуын бақылау, мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын, сессияларын өткізуге  байланысты құжаттарды дайындау. Аудандық мәслихат сессиясының, тұрақты комиссияларының хаттамаларын жинақтау. Шешімдер жинағын шығару. Мәслихат  шешімдерінің және басқа құжаттардың тиісті органдарға берілуін және нормативтік-құқықтық актілердің бұқаралық ақпарат құралдарына, сайтқа  жариялауды  қамтамасыз ету. Аудандық  мәслихат депутаттарының қабылдау кестесін жасақтап бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау. Қызметтік міндеттері шегінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.
Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның  функционалдық  бағытына  сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық  және кәсіптік гуманитарлық, заңгерлік,  экономикалық  білімі  барларға  рұқсат  етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
          жоғары  білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан  Республикасының  заңдарын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты  стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі қажет.
  Өз санаты лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін  қажетті басқа да міндетті  білімдерді  білуі  қажет.
Жалпы   конкурсқа  қатысу  үшін  қажетті  құжаттар:
1)  нысанға сәйкес өтініш;
2)  3х4 үлгідегі  суретпен нысанға сәйкес толтырылған  сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық  актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы          21 желтоқсанда №6697болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шалқар аудандық  мәслихатының  аппараты» ММ өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның  қызметкерлері  қатыса  алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін             іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың  техникалық  жазба  құралдарын  қолдануға  жол  берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқарудың бірыңғай қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқарудың бірыңғай қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде  конкурс  комиссиясының  шешiмiне  шағымдана  алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

ҚР Президенті




«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


Послание Главы государства Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие»

 

Сайттың іздеуі


Поиск

 

Келушілер


Дүйсенбі832
Сейсенбі992
СӘрсенбі914
Бейсенбі1064
Жұма701
Сенбі722
Жексенбі847
Қазір online:31
Барлығы205435
Рекорд:1995

 



 

Powered by Open SLAED © 2005-2017 SLAED. All rights reserved.