«Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру - Вакансиялар - Новости - Шалқар аудандық мәслихаты

     
   Шалқар аудандық мәслихаты  
     

Сайттың мәзірі


 

Новости

Поиск

[ Главная | Лучшие | Популярные | Список ]

«Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» ММ, 031200, Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі 47 А, анықтама үшін телефоны: 8(71335) 21425, 8(71335) 21339, факс: 8(71335) 21299, e-mail: maslixat-shalkar@mail.ru, «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» ММ  мемлекеттік қызметшілері арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
«Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» ММ бас маман, Е-4 (№1-3)  санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейін.



Функционалдық міндеттері:
Мәслихат шешімдеріне талдау жасауды ұйымдастыру, жазылған құжаттардың грамматикалық дұрыс  жазылуын бақылау, мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын, сессияларын өткізуге  байланысты құжаттарды дайындау. Аудандық мәслихат сессиясының, тұрақты комиссияларының хаттамаларын жинақтау. Шешімдер жинағын шығару. Мәслихат  шешімдерінің және басқа құжаттардың тиісті органдарға берілуін және нормативтік-құқықтық актілердің бұқаралық ақпарат құралдарына, сайтқа  жариялауды  қамтамасыз ету. Аудандық  мәслихат депутаттарының қабылдау кестесін жасақтап бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау. Қызметтік міндеттері шегінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
  жоғары гуманитарлық, заңгерлік,  экономикалық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның  функционалдық  бағытына  сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік гуманитарлық, заңгерлік, экономикалық  білімі  барларға  рұқсат  етіледі.
 Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай   құзыреттердің  бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық,  әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
 Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
 жоғары  білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1)    «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2)    тиісті персоналды басқару қызметімен  құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну  конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайы электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
    Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» ММ  өтеді.
Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады. 
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен  кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені_____________________________________
_________________________________________
_________________________________________
_______________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________
__________________________________
_________________________________
___________________________________
_________________________________
___________________________________
_________________________________
___________________________________
__________________________________
__________________________________
_________________________________
___________________________________
_________________________________
___________________________________
_________________________________
___________________________________
__________________________________
__________________________________
__________________________________
__________________________________
___________________________________
_________________________________


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________
__________________________________
____________________________________
______________
________                ____________________________________
  (қолы)                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.
 

ҚР Президенті




«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


Послание Главы государства Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие»

 

Сайттың іздеуі


Поиск

 

Келушілер


Дүйсенбі121
Сейсенбі2193
СӘрсенбі2180
Бейсенбі2139
Жұма1814
Сенбі2120
Жексенбі1741
Қазір online:29
Барлығы259486
Рекорд:2193

 



 

Powered by Open SLAED © 2005-2017 SLAED. All rights reserved.